jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Атырауда Қазақстандағы ең қарт тұтқынның бірі бостандыққа шықты

түрме
Көрнекі фото: www.centralasian.org

Атырауда есірткі сатқаны үшін 11 жылын әйелдер түзеу колониясында өткізген 64 жастағы әйел адам бостандыққа шықты деп жазады Ақ Жайық.

Басылым мәліметінше, Жамбыл облысының тумасы Рабиға Тараз қаласында есірткі сатқаны үшін 2010 жылы қолға түсіп, сот үкімімен 15 жылға сотталып, мүлкі тәркіленген.

Темір торға тоғытылған соң Қазақстанның түрмелерінде жазасын өтеп, кейін Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты УГ-157/11 мекемесіне жеткізілді.

64 жастағы әйел бірден Тараздағы үйіне қайтып, туыстарымен кездесетінін алға тартты. Содан кейін өзі түрмеде болған кезде дүниеден өтіп кеткен туыстарының бейітіне құран бағыштамақ.

"11 жылда көп нәрсе жоғалттым. Жасаған қылмысыма өкінумен болдым. Қартайған кезімде немере-шөберемді ойнатудың орнына, қылмыс жасадым. Мекеме қызметкерлері мені тәрбиелеп, дұрыс жолға салды. Қалған өмірімді тыныштықта өткізгім келеді", - дейді бостандыққа шыққан Рабиға.

Ал УГ-157/11 мекемесі басшысының орынбасары Медет Аджикуловтың айтуынша, ҚР ҚПК сәйкес жазасын өтеуші 2021 жылдың наурыз айында мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шыққан.

Оған қажетті құқықтық-әлеуметтік көмектер көрсетіп, күтіп алуға туыстары шақырылғаны белгілі болды.

"Жаза өтеу барысында мекемеде тәртіпті болып, құқықбұзушылықтармен көзге түскен жоқ. Әрі қарай ол туралы мәлімет Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД жіберілді", - дейді ол.

Қазір зейнеткерлік жасқа келіп қалған әйел жұмыс істемейді, әрі қарай оған қажетті көмек көрсетілмек.

Айта кетейік, бұл әйел адам - еліміздегі қарт сотталғандардың бірі.

Атырауда Қазақстандағы ең қарт тұтқынның бірі бостандыққа шықты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.