Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде Pfizer вакцинасын салдыратын азаматтар санаты кеңейтілуі мүмкін

Жарияланған күні:

Екпе
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәжілістегі үкімет сағатында Pfizer компаниясының вакцинасын салдыра алатын азаматтар санаты кеңейтілуі мүмкін екенін хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

ДДСҰ деректеріне сүйенген министр ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін халықтың 60 пайызына екпе салу керек екенін айтты.

"Бұл әлем елдері ұмтылып жатқан параметрлер. Бір елдің ішінде ғана ұжымдық иммунитет қалыптастыру жеткіліксіз. Әсіресе, егер елдерде көші-қон ағыны үлкен болса", - деді Цой.

Осы ретте министр коронавирусқа қарсы вакцина салдыру көрсеткіші төмен өңірлерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Біз қосымша вакциналау санатына кіретін 2 миллионға жуық адамға екпе салуды жоспарлап отырмыз. Олар 12-ден 18 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер және бала емізетін аналар. Біз олар үшін Pfizer вакцинасын қарастырудамыз.

Жуырда вакцина елге жеткізіледі. Біз соңғы келісімшартқа қол қойдық. Қазір өңірлерге жеткізу, тоңазытқыштар және т.б. секілді логистикалық мәселелер пысықталып жатыр.

Бұл жақын уақытта болады. Алдағы уақытта тізім кеңейтілуі мүмкін. Егер әлемде вакцина басқа санаттағы адамдарға сәтті қолданылса, онда бізде тізімді кеңейтетін боламыз", - деді Денсаулық сақтау министрі.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстанға Pfizer вакцинасының 4 млн дозасын жеткізу жоспарланып отырғанын жазған едік.

Алексей Цойдың сөзінше, препарат биылғы жылдың төртінші тоқсанында келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936473-elimizde-pfizer-vakcinasyn-saldyratyn-azamattar-sanaty-keneitilui-mumkin/