Қазақстанда коронавирус жұқтырған 700-ге жуық адамның жағдайы ауыр
Опубликовано:

Елімізде коронавирус жұқтырған 684 адамның жағдайы ауыр. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналында хабарланды.
12 қазандағы мәлімет бойынша 53 729 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, оның ішінде 9 550 пациент стационарда, 44 179 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Коронавирус пен пневмониямен ауырып жатқандар арасында 684 адамның жағдайы ауыр, 197 пациенттің жағдайы өте ауыр, 128 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Еске сала кетсек, соңғы мәліметтер бойынша 1499 адамнан коронавирус анықталған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936581-qazaqstanda-koronavirus-zuqtyrgan-700-ge-zuyq-adamnyn-zagdaiy-auyr/