Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"О дүниеге барып қайттым": 25 күн комада болған ақтаулық жігіт ес-түссіз жатқанда не көргенін айтты

Опубликовано:

Салауат Жәнібекұлы
Салауат Жәнібекұлы: Facebook

8 мамыр, Қадір түнінде ауыр жол апатына түсіп, 56 күн бойы жансақтау бөлімінде жатқан Салауат Жәнібекұлы желіде жантебірентерлік жазба жариялады. Жиырма жастағы жігіт өзін аман алып қалған Аллаға, дәрігерлерге және аруақтарға алғыс айта отырып, ес-түссіз жатқанда не көргенін мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

«Мен Салауат Жәнібекұлы, 08.05.2021 жылы (Қадір түні) кешке жолда көлік апатына түстім. Көлік түйеге соғылыпты, мен көліктің артқы орындығында отырғанмын.

Жол апаты туралы есімде ештеңе жоқ. Ақтау қаласындағы облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде 56 күн, оның 25 күні ес-түссіз, комада жаттым.

Ауруханадан шыққаныма 3 ай болды. Аллаға тәубе, қазір жағдайым жаман емес, жақсымын.

Әкем Жәнібек Қожықтың фейсбуктегі парақшасынан сіздердің маған жазған тіліктеріңізді оқып, ерекше риза болдым.

Бір постының өзінде 9 мыңнан аса тілек-пікір жазылған екен.

Менің аман қалғаным бірінші - Алланың шапағаты, аталардың аруағы, халықтың тілегі, дәрігерлердің еңбегі, емшілердің емінің арқасы деп ойлаймын.

Баршаңызға алғысым шексіз. Ешкімнің есімін атаған жоқпын, себебі, бір адам қалып қойса ыңғайсыз болады деп ойлаймын.

Бәрін Алла көріп тұр емес пе? Мен сіздердің алдарыңда қарыздармын.

Менің оқыған мамандығым фотограф, қолымнан келетіні суретке түсіру ғана. Алла қаласа, Ақтауға барып, өзімді емдеген дәрігерлерді суретке түсірсем деген жоспарым бар.

Көп адамдар қазір: "Салауат, сен 25 күн комада жаттың. Сонда не көрдің", - деп жиі сұрайды.

Мен сіздерге есімде қалғанды айтайын. "Көзімді ашсам аппақ бұлттың ішінде жүр екенмін. Алдымда үлкен қақпа есік болды. Сол есіктің алдында көп адамдар кезекте тұр екен. Мен де кезекке тұрдым, кезегім жақындап есіктен кіре бергенімде, есіктің алдында бір ақ сақалды кісі тұр екен.

Әлгі ата маған: "Балам қайда барасың, кейін қайт, сенің кезегің әлі келген жоқ",- деп кейін қайтарды.

Мен елден қалмай есікке кіруге қайта ұмтылдым, сол кезде әлгі ақ сақалды ата: "Балам саған бұл жерде орын жоқ" ,- деп кеудемнен қатты итеріп жіберді.

Мен есіктен кіре алмағасын жан-жағыма қарасам, өте биік тас қамал екен. Ол жерден өту мүмкін болмады.

Содан басқа ештеңе есімде қалмапты, бірақ алыстан құранның даусы үзіліп, үзіліп естілгендей болды...

Иә, мен 20 жасымда о дүниенің есігінің алдына барып қайттым...

Менің бар түсінгенім - бұл өмірде ешкімді ренжітпеу керек. Мен өзім жол апатына түскен көлік жүргізушісін де, түйенің иесін де кешірдім. Мен үшін біреу қиналғанын қаламаймын.

Алла қаласа, Ақтауға барып өзімнің сүйікті кәсібім фотограф жұмысымды қайта бастаймын.

Маған қиын күндерде тілекші болған барша жандарға алғысым шексіз!

Сіздерге амандық пен бақыт тілеймін», - деп жазды Салауат.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936641-o-duniege-baryp-qaittym-25-kun-komada-bolgan-aqtaulyq-zigit-es-tussiz-zatqanda-ne-korgenin-malimdedi/

pixel