Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысындағы кезекті жарылыс: Оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Опубликовано:

Оқ
Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін Жамбыл облысында тұрғындар әскери бөлім аумағынан тағы да жарылыстың даусы естілгенін хабарлады. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта оқ-дәрілерді жою бойынша жоспарлы жұмыстар орындалып жатыр. Оқиғаның мән-жайын өңірлік полиция департаменті айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, 14 қазанда сағат 09.00-ден бастап 28349 әскер бөлімінің жою аумағында жарылу қаупі бар заттардың қалдықтарын тиеу, шығару және жою жұмыстары жалғасуда.

Жұмысқа кіріспес бұрын қауіпсіздік шаралары талаптарын сақтау бойынша сабақтар өткізілді. Бұл жұмыстарға "Оңтүстік" инженерлік-саперлік бөлімінің 16 әскери қызметшісі мен Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері тартылды.

Жару уақыты сағат 10.00-ден 18.00 аралығында болады.

Байзақ ауданының орталығында визуалды белгілер байқалмады, дыбыстық бақылау қатты болмады.

"Жақын елді мекендерде инфрақұрылым қирап, бүлінбеген. Жағдай бақылауда", - деді Жамбыл облысы полиция департаментінен.

Еске сала кетсек, бүгін Жамбыл облысында әскери қоймадан тағы да жарылыс дауысы естілді.

Айта кетсек, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінің маңынан өрт шығып, жарылыс болды. Салдарынан 17 адам қаза тауып, тағы бір адам із-түзсіз жоғалып кетті.

Одан бөлек, 10 қазанда таңғы сағат 07:20-да шамасында Жамбыл облысы, Сарыкемер ауылындағы инженерлік оқ-дәрі қоймасының аумағында бұрын өрттен зақымданған жарылғыш зат жарылған болатын.

Осыдан кейін ауыл тұрғындары өздерін басқа аймаққа көшіруді талап еткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937098-zambyl-oblysyndagy-kezekti-zarylys-oqiganyn-man-zaiy-belgili-boldy/

pixel