jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Мектеп оқушыларының ата-анасы Назарбаев алаңында бүлінген орындықтарды жуып шықты (видео)

1
Фото: instagram.com/policebqo

Оралда 9- сыныпта оқитын қыздар сабақтан ерте сұранып, серуендеуге кеткен. Олар қаладағы Тұңғыш президент саябағына барып, орындықтарға жазу жазып қалдырған. Нәтижесінде балалардың шала қылығы үшін ата-аналар жауап беруге мәжбүр болды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті ресми Instagram парақшасында мәлімдеді.

Сабақтан сұранған қыздар Назарбаев алаңындағы орындықтарды бояп, елді мекендерді аббаттандыру ережелерін бұзған. Полицейлер тәртіпке қайшы әрекет жасаған оқушыларды бейнебақылау камералары арқылы анықтап, олардың ата - анасына ӘҚБтК 435 - бабы (Кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырды.

2
Фото: instagram.com/policebqo

Нәтижесінде ата-аналар өз баласымен келіп, бүлінген орындықтарды жуып шықты.

БҚО полиция департаменті көпшілікті абаттандыру элементтеріне ұқыпты қарауға шақырды, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқыққа қарсы әрекеттері үшін жауапкершілік олардың заңды өкіліне жүктелетінін ескертті.

Тәртіп сақшылары ата-аналарды бала тәрбиесіне көңіл бөлуге шақырды.

Мектеп оқушыларының ата-анасы Назарбаев алаңында бүлінген орындықтарды жуып шықты (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.