Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айгүл Орынбек Стамбулмен бизнес жасауға аттанған әйелдердің алданғанын айтып дабыл қақты

Опубликовано:

Айгүл Орынбек
Фото: Facebook/Айгүл Орынбек

Айгүл Орынбек Түркияға кәсіп үйренуге кеткен қазақ әйелдерінің алданғанын айтып, дабыл қақты. Заңгердің сөзінше, алданған қыз-келіншектер Стамбул әуежайында елге қайта алмай түнеп жүр. Ол желідегі парақшасына бірнеше әйелдің видеосын жариялап, еліміздің Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратурасынан мәселені шешуді сұрады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Түркияда қалып қойған қазақ әйелдері көмек сұрайды. Бас прокуратура елдің алдында жүрген коуч, психологтарды заңдастырыңдар! Бизнес жасауға барып, құлдыққа түсіп қалмасын! Қайтар билетін ала алмай отырғандар бар", - дейді Айгүл Орынбек.

Заңгер Түркиядан өзіне жыларман боп хабарласқан бірнеше әйелдің видеосын жариялады. Айгүл Орынбектің айтуынша, қазақстандық блогерлерге 700 мың төлеп, Түркияға миллионер болуды үйренуге кеткен әйелдер ендігі кезекте Стамбулдағы полиция бөліміне барып, арыз жазуда.

"Миллионер болуға барып, қонатын жерлері болмай алданып қалғандарын сезініп жатқандар арыз жазуда! Қазақ қыздары абай болыңыздар, үйлеріңізге айтудан қорықпаңыздар", - деп ескертті Айгүл Орынбек басқа әйелдерге.

Алданған әйелдер сабақ сатып алған коучтың уәдесінде тұрмағанын алға тартуда. Олардың сөзінше, кәсіп үйретуші тренер әйелдерге Түркияның алдыңғы қатарлы зауыт-фабрикаларын көрсетуге сөз берген. Алайда олар ешқандай зауытқа барып көрмегенін айтуда.

Заңгердің жазбасынан кейін еліміздің Ішкі істер министрлігі мәселеге назар аударды. Аталмыш фактіге қатысты алаяқтық бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Аталған дерек Ақтау қаласы полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне қылмыстық кодекстің 190-бабымен (алаяқтық) тіркелді. Бұл қылмыстық істің тергеп-тексерілуін департамент басшылығы бақылайды", - деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық полиция департаменті.

"Стамбулмен бизнес" ісі енді министр Ерлан Тұрғымбаевтың да жіті назарында болмақ. Бұл жайында заңгер желіде хабардар етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937758-aigul-orynbektin-stambulmen-biznes-zasauga-attangan-qazaq-aielderi-turaly-zanaiqaiy-policiyaga-zetti/

pixel