Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

20 жастағы теміртаулық жігіт жұмбақ жағдайда жоғалып кетуінің себебін түсіндірді

Опубликовано:

Ерхан Тәжібаев
Ерхан Тәжібаев. Фото: Жеке мұрағат

Теміртау қаласының 20 жастағы тұрғыны Ерхан Тәжібаев жұмбақ жағдайда жоғалып кетуіне не себеп болғанын түсіндірді. Ол өзі үшін уайымдаған көпшіліктен кешірім сұрады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

10 қазан күні Теміртауда 20 жастағы Ерхан Тәжібаевтың жоғалғаны туралы ақпарат тарады. Жігітті іздеген туыстары ақырында полиция мен еріктілерге жүгінуге мәжбүр болған. Көп ұзамай Ерхан Тәжібаевтың суреттері әлеуметтік желіде де пайда болды.

Ерханның әкесі үйден таңертең шыққан ұлы Қарағандыға жұмысқа баруы керек болғанын айтқан еді. Алайда келесі күні де, одан кейін де Ерхан жұмыс орнында бой көрсетпеген. Ол үш күннен кейін ғана табылды.

"Мен үйге келдім, енді өз әрекетімді түсіндірсем деп отырмын. Көпшілік мені табалайтынын білемін, бірақ басқалар осындай қателікке бой алдырмау үшін бәрін айтып беруім керек деп ойлаймын. Жарты жыл бұрын мен букмекерлік кеңселерде ұтыс тігуге қызыға бастадым. Ғаламторда жарнамасы шыға берген соң бастапқыда тек қызығушылық ретінде қабылдадым. Артынша шырмауына ілініп, микронесиелік ұйымдардан жоғары пайызбен несие ала бастадым.

Қарыздарымды жабу үшін жұмысқа орналастым, бірақ бірінші жалақымды алған соң қайта ойнадым. Көп ақша ұтып, қарызымды жабамын деп ойлаған едім. Бірақ тағы ұтылдым. Бұл 9 қазан болатын", - дейді Ерхан.

Ал 10 қазан күні ол ұялы телефонын сатып, Алматыға кетіп қалған. Бірнеше тәулік тауда жүріп ойланып, ата-анасына шындықты айту туралы шешім қабылдаған.

"Менде стресс болды. Вокзалға келе жатқанда адасып қалдым. Абырой болғанда, жақсы адам кезігіп, үйге дейін билет сатып алып берді. Мен үшін уайымдаған адамдарға рахмет айтамын, кешірім сұраймын. Мен өз кінәмді түсіндім, оны қайталамауға шақырамын. Алдағы уақытта құмар ойындарды ойнамауға уәде беремін", - дейді теміртаулық жігіт.

Оқиғаға қатысты жігіттің әкесі де пікір білдірді. Ол қателікке бәрі бойы алдыратынын, тек соны дер кезінде мойындап, түзетуге тырысу қажет екенін айтты.

"Баламыздың аман-есен оралғанына қуаныштымыз. Қалғанын шешуге болады. Бастысы, бәріміз біргеміз. Балаларыңызға қамқор болыңыздар, олармен көп сөйлесіңіздер", - дейді ер адам.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937826-20-zastagy-temirtaulyq-zigit-zumbaq-zagdaida-zogalyp-ketuinin-sebebin-tusindirdi/

pixel