Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен 20 жастағы теміртаулық жігіт табылды

Опубликовано:

Ерхан Тәжібаев
Ерхан Тәжібаев. Фото: Отбасы архивінен

10 қазан күні Теміртауда жоғалып кеткен 20 жастағы Ерхан Тәжібаев табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Іздеу салынған жігіт аман-есен табылды. Қазіргі уақытта оның не себепті жоғалып кеткенін анықтап жатырмыз", - деді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жігіттің әкесі де Ерханның үйде екенін растады.

"Біз онымен қазір ғана кездестік, ол үйде. Достары келді. Әзірге қайда болғанын сұрамадық. Ең бастысы, аман-есен қайтып келді", - деді әкесі.

Еске сала кетсек, бұған дейін 20 жастағы Теміртау тұрғыны Ерхан Тәжібаев Қарағандыға барар жолда із-түзсіз жоғалып кеткенін жазған едік.

Оны іздеу жұмыстарына полиция департаментінің жеке құрамы жұмылдырылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936988-zumbaq-zagdaida-zogalyp-ketken-20-zastagy-temirtaulyq-zigit-tabyldy/

pixel