Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызметкерлеріне қол көтерген "полиция басшысының" видеосы: ПД пікір білдірді

Опубликовано:

Полиция қызметкері
Желіде тарап кеткен видеодан кадр: instagram.com/efir.kefir/

Желіде қызыл күртеше киген ер адамның полиция қызметкерлерін қорқытып, ұрып-соққан видеосы пайда болды. Полиция қызметкерлері оның алдында сапқа тұрған, деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Бейнебақылау камераларының жазбасы Instagram желісіндегі efir_kefir паблигінде жария болған. Видеоның астындағы жазбада формадағы қызметкерге қоқан-лоққы көрсетіп, қол көтерген ер адам елордалық әуежайдың желілік полиция бөлімінің басшысы Мақсат Әбікен екені жазылған.

Анонимді дереккөз Мақсат Әбікен қызметкерлеріне үнемі қоқан-лоққы көрсетіп, "жұмыстан шығарамын" деп қорқытатынын жазған.

NUR.KZ тілшісі полиция департаментінің баспасөз қызметінен мән-жайдың анық-қанығын сұрап білді. Ведомство аталған жайтқа қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Тексерістің нәтижелері туралы баспасөз қызметі қосымша хабарлауға уәде берді.

Еске салсақ, тамыз айының соңында Алматы қаласының Наурызбай аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасарына қызметкерлерін соққыға жықты деген айып тағылған. Артынша оның қызметінен қуылғаны белгілі болды.

Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалған. Оның кінәсі дәлелденсе, бұрынғы полиция қызметкері 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938000-qyzmetkerlerine-qol-kotergen-policiya-bassysynyn-videosyna-qatysty-iid-tusinik-berdi/

pixel