Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Жолдыбайұлы миллионер етуге уәде беретін блогерлерге ескерту жасады

Опубликовано:

Мәмбетбаев
Фото: Facebook/Қайрат Жолдыбайұлы

Дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы желіде жарнама жасап, елді миллионер етуге уәде беретіндер туралы пікір білдірді. Ол "миллионер боласың" деп халықтың сенімімен ойнаған блогерлерді сынға алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қайрат Жолдыбайұлы Facebook парақшасында желіде шу болған тақырыпты көтерді.

Дінтанушы Түркиямен бизнес жасауды көздеп, алданып, қалтасы жұқарған қыз-келіншектердің жағдайына қатысты діни тұрғыда өз ойын айтты.

"Бүйтсең миллионер боласың, сүйтсең миллиардер боласың деген дұрыс емес. Адамдарды босқа үміттендірмеу керек. Оның орнына жақсы адам болуды, дұрыс дағдыларды әдет етіп, құндылықтармен өмір сүруді үйретейік. Әуелі өзіміз үлгі болайық. Кәсіптің қыр-сырын меңгертейік. Өз ісін сүюге, мамандығының шын шебері болуға шақырайық. Сосын нәтижесін Аллаға тапсыруды білейік.

Еңбек адамнан, нәтиже Алладан. Кімге, қашан, аз бере ме, көп бере ме, қандай кейіпте береді - ол Жаратқанның құзіретіндегі шаруа. Рызық беруші Алланың ісіне араласып, миллиондарды уәде етіп, халықтың сенімі мен сезімімен ойнау алаяқтықтан басқа ештеңе емес", - дейді ол.

Айта кетейік, осыған дейін белгілі заңгер Айгүл Орынбек Түркияға кәсіп үйрену үшін барып, алданып қалғанын айтып, елге қайта алмай отырған әйелдер жайлы жазған еді.

Заңгер желідегі парақшасында еліміздің Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратурасынан мәселені шешуді сұраған. Артынша Ішкі істер министрлігі бұған назар аударды. Аталмыш фактіге қатысты алаяқтық бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938170-bosqa-umittendirmenizder-qairat-zoldybaiuly-eldi-millioner-etuge-uade-bergen-blogerlerge-eskertu-zasady/

pixel