Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус жұқтырған қазақстандықтар өз-өзін оқшаулау режимін бұзбау жайлы қолхат беруге міндеттелмек

Опубликовано:

Карантин
Көрнекі фото: NUR.KZ

Еліміздің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды. Оған сәйкес, коронавирус жұқтырып, амбулаториялық жағдайда емделіп жатқан қазақстандықтар өз-өзін оқшаулау режимін бұзбау жайлы қолхат беруге міндеттеледі. Тиісті құжат ДСМ СЭБК ресми сайтында жарияланды.

Құжатта коронавируспен ауырып, үйде ем қабылдап жатқан науқастар, сондай-ақ, COVID-19 жұқтырған адаммен байланыста болып, үй карантинінде отырған азаматтар өз-өзін оқшаулау режимінің қағидаларын сақтау қажеттілігі туралы қолхат беруге міндеттелетіні айтылады.

Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енді.

Құжаттың толық мәтінімен сілтеме арқылы танысуға болады.

Айта кетейік, өткен тәулікте елімізде 1844 адамнан коронавирус анықталды. Осылайша, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 923 060-қа жетіп отыр. Өткен тәулікте 1984 адам дерттен жазылып шыққан.

Қазіргі уақытта елімізде 51 318 адам COVID-19 инфекциясынан емделуде, оның ішінде 8 851 пациент стационарда, 42 467 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 634 адамның жағдайы ауыр, 165 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 103 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Ал еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Алматы облысы "сары" аймақтан "қызыл" аймаққа өтті.

Дәлірек айтсақ, коронавирус бойынша "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Алматы, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.

"Сары" аймаққа Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары кірген. "Жасыл" аймақта Шымкент қаласы мен Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938234-koronavirus-zuqtyrgan-qazaqstandyqtar-ozin-ozi-oqsaulau-rezimin-buzbau-zaily-qolxat-beruge-mindettelmek/

pixel