Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақ жігіттері гүл сыйлауды да білмейді": Журналист шетелдікпен бас қосқан атыраулық аруға бақыт тіледі

Опубликовано:

Жас жұбайлар
Фото: Facebook/Айнур Кемалова

Ақтаулық журналист Айнұр Кемалованың нигериялық азаматқа тұрмысқа шыққан Зайда Жаңабаеваға бақыт тілеген жазбасы желіде қызу талқылануда. Ол қазақ жігіттеріне шетелдіктердің қолынан ұстаған қыздарға ашуланудың орынды емес екенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айнұр Кемалова қоғамда дау туғызып жүрген тақырыпты Facebook-те көтерді. Ол жігіттердің қыздарға деген талабы тым жоғары деп санайтынын айтады.

"Көптеген қазақ ер азаматтары әйелге құрмет көрсетіп, ілтипат білдіре алмайды: тіпті олар гүл сыйлауды да білмейді. Тапқан табысының аздығына қарамастан олардың талғамы тым жоғары: оларға модель керек екен, егер әйел табысты болса онда нұр үстіне нұр!", - дейді журналист жазбасында.

Айнұр Кемалова нигериялық жігітпен бас қосқан атыраулық аруға бақыт тіледі.

"Біздің топ-томпақ, сүйкімді қыздарымыз шетелдіктерге тұрмысқа шығып жатса, біздің ерлер ашуға міне бастайды. Не керек, ашулана беріңдер, ал мен жастарға бақыт тілеймін", - деді ол.

Facebook қолданушылары журналистің жазбасына біржақты пікір білдірмеген. Олардың бір бөлігі жас жұбайлардың шешімін қабылдайтынын айтып, бақыт тілесе, көпшілігі қазақ қызының шетелдікке күйеуге шығуын құптамайтынын жазуда.

Еске салсақ, өткен аптада атыраулық бойжеткен нигериялық азаматқа ұзатылды. Екі жастың құдалығында түсірілген фото-видеолар желіде лезде тарап кеткен болатын. Ол қоғамда қызу талқыланды.

Сондай-ақ Зайда Жаңабаева ата-анасының шетелдік күйеу жігітті қалай қабылдағанын да баяндап берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938387-qazaq-zigitteri-gul-syilau-da-bilmeidi-zurnalist-seteldikpen-bas-qosqan-atyraulyq-aruga-baqyt-tiledi/

pixel