Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекет қаржысын жымқырды деп айыпталған экс-вице-министрлер Жақсалиев пен Сәдібеков ақталды

Опубликовано:

Сот12
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының соты бұрынғы энергетика вице-министрлерінің ісіне қатысты шешім шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұрынғы екі шенеунік Бақытжан Жақсалиев пен Ғани Сәдібековке қатысты істі сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік 2018 жылы қозғаған еді.

Агенттіктің мәліметінше, Жақсалиев пен Сәдібеков Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы көлді тазартуға мемлекеттен бөлінген миллиондаған теңгені жымқырды деген күдікке ілінген.

Бұған дейін прокурор айыпталушыларды 8 және 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

Бүгін, 22 қазанда Нұр-Сұлтан сотында аталған іс бойынша сот үкімі шықты.

"Жақсалиев пен Сәдібеков 189-баптың 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәсіз деп танылсын және олардың әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының жоқтығына байланысты ақталсын", - деді судья.

Айта кетейік, Қылмыстық кодексте 189-бап - "Бөтеннің сеніп тапсырған мүлкін жымқыру не ысырап ету", ал 4-бөлігі "аса ірі мөлшерде" деп көрсетілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938476-memleket-qarzysyn-zymqyrdy-dep-aiyptalgan-energetika-buryngy-vice-ministrleri-aqtaldy/

pixel