Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда көпірде бес адам қаза тапқан жол апаты: күдікті ұсталды

Опубликовано:

Жол апаты
Оқиға орнынан фото: t.me/astanovka98

Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Нұр-Сұлтанда адам өліміне әкеліп соқтырған апатқа қатысты тергеу қылмыстық кодекстің қай баптары бойынша жүргізіліп жатқанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Санжар Әділовтің айтуынша, қылмыстық іске қатысты тергеуді Нұр-Сұлтан ПД анықтама бөлімі қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша жүргізіп жатыр.

Атап айтсақ, 345-баптың 4-бөліміне сәйкес "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" және 347-баптың 1-бөліміне сәйкес "Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу".

"Бұл қылмыстық іс бойынша күдікті 19 жастағы қала тұрғыны екі айға, яғни 2021 жылдың 30 қарашасына дейін қамауға алынды", – деп қосты ол.

"Оқиға орнын тексеру кезінде бақылау камераларынан алынған бейнежазбалар алынды. Олар айғақ ретінде қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Бұл жағдайда барлық бейнежазбалар бар, апаттың өзі түсірілген, камералар жақсы жағдайда.

Жол-көлік оқиғасына кінәлі адам қамауға алынды. Қазіргі уақытта қылмыстық істі тергеу жалғасуда және аяқталу сатысында тұрған сот-медициналық сараптама нәтижелері алынғаннан кейін қылмыстық іс қаралатын болады", – деп түйіндеді Әділов.

Департамент басшысы апаттың 30 қыркүйекте түнде болғанын еске алды. Жол апатынан бес адам ажал құшты. Қылмыстың ауыр түрі бойынша тергеу жүргізілуде.

Toyota Camry тізгіндеген 19 жастағы жігіт қатты жылдамдықпен келе жатып қарсы жолаққа шығып кеткен. Оның көлігі Nexıa көлігімен бетпе-бет соғылды. Салдарынан бес адам оқиға орнында ажал құшқан: екеуі – жүргізуші, үшеуі – жолаушы.

Елордалық полицейлер көлік жүргізушілерінен мың құбылған ауа райында сақтық шараларын сақтауды сұрайды. Бір тәулікте қалада 91 жол апаты тіркелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938794-nur-sultanda-kopirde-bes-adam-qaza-tapqan-zol-apaty-kudikti-ustaldy/

pixel