Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде жолдан жүгіріп өтпек болған 9 жасар баланы көлік қағып кетті

Опубликовано:

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: ШҚО ПД

28 қазанда кешкісін Семейде қала сыртындағы жолдың бірінде адам өлімімен аяқталған жол апаты болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Семейде 28 қазан күні сағат 18.15-те қала маңындағы Озерки-Восход бағытындағы жолда, Volkswagen көлігінің жүргізушісі жолдан жүгіріп өтпек болған 9 жасар баланы қағып кеткен.

Жеткіншек, оқиға орнында көз жұмған.

Аталған фактіге қатысты қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

21 жастағы жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

"Полиция департаменті көз жұмған баланың туыстарына көңіл айтады", – дейді Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті.

Еске сала кетейік, 26 қазан күні Оралда Toyota Prado көлігінің 47 жастағы жүргізушісі белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпек болған 10 жастағы қызды қағып кеткен болатын.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жасөспірім түрлі жарақаттармен облыстық көпбейінді ауруханасына жеткізілген. Алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939532-semeide-zoldan-zugirip-otpek-bolgan-9-zasar-balany-kolik-qagyp-ketti/

pixel