Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атыраудағы атыс: Полиция қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеуде

Опубликовано:

Полиция қызметкерлері
Көрнекі фото: Түркістан облысының ПД

Атырау облыстық полиция департаменті атыс орын алған ауылда қазір не болып жатқанын айтты. Тәртіп сақшылары қоғамдық тәртіпті тұрақтандыру мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазір аталған ауылдағы жағдай тұрақтанды. Тұрғындар арасында жаппай толқу байқалмайды. Соған қарамастан, тәртіп сақшылары Сағыз ауылын тәулік бойы патрульдеп, күшейтілген режимде жұмысын жалғастырып жатыр", - делінген баспасөз хабарламасында.

Облыстық полиция департаментінің басшысы Қамза Үмбетқалиевтың айтуынша, оқиға орнында Атырау облыстық полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде.

Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігімен (Адам өлтіру) тергеу жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Атырау облысында тас жолда атыс болып, алты адам жараланғанын хабарлаған болатынбыз. Кейін оқиғадан жарақат алған бір адам қайтыс болды.

Оған қоса, дәрігерлер атыстан жарақат алғандардың жағдайы туралы айтты. Олардың біреуі үйіне жіберілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939805-atyraudagy-atys-policiya-qyzmetkerleri-kuseitilgen-rezimde-zumys-isteude/

pixel