jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Дін бойынша мұсылмандарға вакцина алуға рұқсат етіле ме: Алматының наиб имамы жауап берді

Наиб имам
Фото: zakon.kz

Өңірлік коммуникация қызметінің алаңында Алматы қаласы орталық мешітінің наиб имамы Ержан Есім ислам тарапынан вакцинациялауға деген көзқарас қандай екенін айтты деп жазады zakon.kz.

Дін өкілінің айтуынша, бірде-бір дәстүрлі дінде вакцинацияға тыйым жоқ, керісінше, денсаулықты сақтауға деген ұмтылыс қолдау табады. Алматы қаласының барлық имамы қалада ауру жұқтыру деңгейінің төмендеуіне қарамастан, эпидемиологиялық жағдайды күнделікті бақылауды жалғастыруда.

"Біз отбасымызды коронавирустан қорғап, бір-бірімізге қамқорлық жасауымыз керек. Бұл жағдайда вакцинация - жалғыз шешім және өмірлік қажеттілік. Дін барлығын өмір мен денсаулыққа дұрыс күтім жасауға және аурудың алдын алу жолдарын іздеуге міндеттейді", - дейді Алматы қаласы орталық мешітінің наиб имамы Ержан Есім.

Наиб имам вакциналар мұсылман елдерінде жасалғанын, сол үшін оларды халал немесе халал емес деп бөлуге болмайтынын айтты. Дін өкілі QazVaz отандық вакцинасы халал талаптарына сәйкес сертификат алғанын да тілге тиек етті.

"QazVac - "дельта" нұсқасына қарсы тиімді вакцина. Ғалымдар бейтараптандыру реакциясын сынақтан өткізді, бұл отандық вакцинаны еккен адамдардың антиденелері жоғары деңгейде екенін көрсетті. Қазір адамдардың өмірін сақтап қалу керек, ал вакцинациялауға қарсы шығып жатқандардың медицинаға еш қатысы жоқ",- деді ол.

Ержан Есім екпе бойынша өз ұстанымын Қасиетті Құранда жазылған мәлімдемелермен растады.

"Біріншіден, вакцинацияға алдын алу шарасы ретінде рұқсат етіледі. Екіншіден, исламда адам өмірінің құндылығы және оны Алланың аманаты сияқты сақтау қажеттілігі айтылады. Сондықтан, Құранда оны емдеуге шақырады", - деді наиб имам.

Дін бойынша мұсылмандарға вакцина алуға рұқсат етіле ме: Алматының наиб имамы жауап берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.