Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ІІМ ауа райына байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады

Опубликовано:

ауа райы85
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ішкі істер министрлігі ауа райының нашарлауына байланысты көлік жүргізушілеріне үндеу жасады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ведомствоның мәліметінше, алдағы күндері республика аумағында күн салқындап, жел күшейіп, тұман мен жауын-шашын күтіледі. Сонымен қатар, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін.

Осыған байланысты құзырлы орган көлік жүргізушілеріне жолда сақ болуды ескертеді.

"Күзгі-қысқы кезеңнің басталуымен көлік жүргізу әлдеқайда қауіпті болады, жылдың осы уақытында өте мұқият болу керек. Жылдамдық режимін, сондай-ақ көліктер арасындағы қашықтықты сақтау маңызды, бұл жолдағы күтпеген апаттың алдын алуға көмектеседі. ІІМ ауа райын ескере отырып, қауіпсіздік үшін қажет болған жағдайда көліктің басқа түрін пайдаланып, ұзақ сапарларды алдын ала жоспарлауға шақырады", - дейді Ішкі істер министрлігі.

Айта кетейік, бұған дейін елімізде алдағы күндері 20 градусқа дейін күн суытатынын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940019-iim-aua-raiyna-bailanysty-qazaqstandyqtarga-undeu-zasady/

pixel