jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Facebook Қазақстанның контент есептерге қол жеткізу туралы мәлімдемесін жоққа шығарды

фб
Көрнекі фото: pixabay.com

Шетелдік БАҚ беттерінде Meta Platforms (Facebook) Қазақстан билігімен интернетте балалардың құқықтарын қорғауға баса назар аударатын зиянды контентке қарсы тұру бойынша ешқандай ынтымақтастық келісім жасамағаны туралы ақпарат пайда болды. Осыған қатысты ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Facebook парақшасында ресми түрде жауап берді.

"Бұқаралық ақпарат құралдарында "Meta" ("Facebook") компаниясының Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша Өңірлік кеңсесінің коммуникациялар жөніндегі директоры Бен МакКонэхи мырзаның (Ben McConaghy) теріске шығарған мәлімдемесіне байланысты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі келесіні хабарлайды.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі негізгі келіссөздерді Гонконг қаласында орналасқан Қытай, Моңғолия және Орталық Азия өңірі бойынша "Meta" ("Facebook") компаниясының өңірлік офисімен жүргізді.

1 қарашада жарияланған біріккен мәлімдеменің мәтіні мен оның БАҚ-да жарниялануы аталған аймақтық кеңсенің басшылығымен толықтай келісілген болатын", - деп жазды Балаева.

Еске сала кетсек, Қазақстан билігі мен Meta Platforms (Facebook) компаниясы арасында келісім жасалғаны туралы хабарланған еді.

Facebook Қазақстанның контент есептерге қол жеткізу туралы мәлімдемесін жоққа шығарды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.