Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтаудағы жарылыс толқыны 10-нан аса көлікке зақым келтірген

Опубликовано:

Ақтаудағы жарылыс
Фото: Lada.kz

Маңғыстау облыстық ТЖД төтенше жағдай кезінде мейрамхана маңында азаматтық тұлғалардың шамамен 11 көлік құралы болғанын хабарлады. Олардың барлығына жарылыс толқынынан зақым келген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Жол полициясының қызметкерлері үш көлікті арнайы техника (эвакуатор) көмегімен эвакуациялады. Тағы 8 көліктің иесін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр",- деді Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Айта кетейік, 7 қараша түнде Ақтаудың 29А ықшамауданындағы екі қабатты кешеннің 1- қабатында орналасқан асханада жарылыс болды. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Мейрамхана иесінің сөзінше, ТЖ кезінде онда жұмысшылар болмаған.

Полиция аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 292- бабы (Өрт қауіспзідігі ережелерін бұзу) бойынша іс қозғады.

Бүгінде жарылыс салдарын жою жұмыстарымен 70 құтқарушы, 10 техника бірлігі айналысып жатыр. Төтенше жағдай орнында 150 полицей мен азаматтық қорғаныс органдары, энергетика мамандары жұмыс істеуде.

Жарылыстың алдын ала себебі - ауа-газ қоспасының шығуы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940989-aqtaudagy-zarylys-tolqyny-10-nan-asa-kolikke-zaqym-keltirgen/

pixel