RU

"Өте бұзық болатын": "Дикий Арманның" сыныптасы ақша бергені үшін сынағандарға жауап берді

Дикий Арман
Дикий Арман: vk.com

Жақында "Дикий Арман" атымен танылған Арман Жұмагелдиев бокстан әлем чемпионатында жеңіліп қалған спортшыларға ақша таратқан болатын. Өз атынан 2000 доллардан беріп, жомарттық танытқан Арманның бұл қылығын қоштамағандар да табылды. Алайда, оның сыныптасы әрі танымал блогер Арманды қорғап шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Instagram желісінде "Көмек түрлері" парақшасын жүргізіп, талай жанға пайдалы кеңестер ұсынатын Динара сыныптасы Арманның әрекетін тексерушілерге қатысты ойын жариялады.

Ол Мәдениет және спорт министрлігі "Дикий Арманның" боксшыларға ақша берген сәтін тексеріп жатқаны туралы хабарға пікір білдірген.

"Үкімет өзі бере алмайды. Ал бергендерді тексереді. Арман кластасым кезінде өте бұзық болған. Бірақ өте қарапайым болатын. Осындай қайырымдылық жасап, тексерудің астында қалатыны өкінішті-ақ", - деп жазды Динара.

Еске сала кетейік, бокстан Белградта өткен әлем чемпионатында "Дикий Арман" атымен танылған Арман Жұмагелдиев вип қонақтар қатарында болды. Ол әлемдік сынға АІВА басшыларының шақыртуымен барған.

Сондай-ақ, чемпионат барысында ол шаршы алаңға шығатын боксшыларды жігерлендіріп, кейін жеңіліп қалған споршыларға қомақты ақшалай сыйақы берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941078-ote-buzyq-bolatyn-dikii-armannyn-synyptasy-aqsa-bergeni-usin-synagandarga-zauap-berdi/