RU

Алматыда бес көліктің қатысуымен жол апаты болды

Фото
Жол апаты: Zakon.kz

Алматыда бес көліктің қатысуымен жаппай жол апаты болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апаты бүгін, 8 қарашада Мұхтар Әуезов көшесінде тіркелді.

Жолаушының сөзінше, Peugeout 301 көлігінің жүргізушісі көлікті басқару кезінде өзін нашар сезініп, салдарынан жол апаты болған.

Белгілі болғандай, Peugeot Toyota Matrix көлігіне соқтығысқан. Осыдан кейін Toyota Subaru Outback-ті, Subaru екпінімен Mercedes-Maybach-ты, ал Maybach Nissan Qashqai-ды соққан.

Жол көлік оқиғасы салдарынан Peugeot көлігінінің жүргізушісі мен жолаушысы зардап шеккен.

Алматы
Фото: Zakon.kz

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда автобус пен троллейбус соқтығысып, жеті адам зардап шеккен еді. Жол апаты Абылай хан мен Төле би даңғылдарының қиылысында болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941174-almatyda-bes-koliktin-qatysuymen-zol-apaty-boldy/