Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министрлік: Қалыпты өмірге оралу үшін азаматтардың 80%-ы екпе алуы қажет

Опубликовано:

Солтүстік Қазақстан облысында карантин күшейтіледі
Көрнекі фото: NUR.KZ

Бүгін үкімет отырысында денсаулық сақтау министрлігі комитетінің басшысы Айжан Есмағамбетова қазақстандықтардың 60 пайызы екпе алған жағдайда қалыпты өмірге оралатыны туралы болжам неліктен орындалмағанын түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Өкінішке қарай, бүгін таңда зерттеулер көрсеткендей, оның үстіне Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлағандай, 60% ұжымдық иммунитеттің деңгейі – бұл ең төменгі көрсеткіш, вирустың мутациясын есепке алғанда, көрсеткіш 80% құрайды", – деді Есмағамбетова.

Айтуынша, азаматтардың 80 пайызы екпе алған күнде де қазақстандықтар бетперде тағу режимінен бас тарта алмайды.

"Өкінішке қарай, бұл коронавирустан қорғау шараларының бірі", – деп қосты комитет басшысы.

Еске сала кетейік, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты болып тұрғанын айтқан еді.

Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал қаралған болатын.

Бүгінгі таңда шамамен 8,5 млн адам вакцинаның бірінші компонентін, 7,7 миллионнан астам адам екінші компонентін алды.

"22 қарашадан бастап бұған дейін екпе алған азаматтарды ревакцинациялау басталады. Осыған байланысты егу пункттерінің, медициналық ұйымдардың және медицина қызметкерлерінің дайындығын қамтамасыз ету қажет", – деді Асқар Мамин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941483-densaulyq-saqtau-ministrligi-qalypty-omirge-oralu-usin-qazaqstandyqtardyn-80-y-ekpe-aluy-qazet/

pixel