Біртановтың адвокаты экс-министрге тағылған айыптың қисынсыз екенін мәлімдеді
Жарияланған күні:
Бүгін Нұр-Сұлтанда бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін ұзарту мәселесі тоғызыншы рет қаралып жатыр. Осы ретте Біртановтың адвокаты экс-министрге тағылған айыптың қисынсыз екенін мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Әр сот отырысында Біртановтың адвокаттары оған тағылған айыптардың қисынсыз екенін, үйқамақтағы мерзімін үнемі ұзарту негізсіз екенін мәлімдейді.
Адвокат Дмитрий Куряченко судьядан Біртановты және заңды "мазақ етуді тоқтатуды" сұрады. Ол сондай-ақ Біртановтың денсаулық сақтау жүйесінің платформасын қабылдауға құқығы жоқ екенін айтты, ал экс-министрге қызметін асыра пайдаланды деп айып тағылған.
"Барлық қоса берілген қабылдау-тапсыру актілерінде Біртанов көрсетілмеген, платформаны актілер бойынша вице-министрдің өкілеттігіне сәйкес Цой мен Әбішев қабылдаған. Министр Біртановтың өкілеттігіне қандай да бір жұмысты немесе қызметті қабылдау кірмеген. Біртанов қолында жоқ өкілеттікті асыра пайдалана алмайды.
Елестетіп көріңізші, әтешті тауықтың жанында отырғаны үшін жұмыртқалайды деп айыптайды. Бұл да сондай қисынсыз нәрсе", - деді қорғаушы.
Естеріңізге сала кетейік, бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жұмыс істемейтін ақпараттандыру платформасын қолданысқа енгізіп, қызмет бабын асыра пайдаланды деп айыпталып, бір жылға жуық уақыттан бері үй қамағында отыр.
Бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі Біртановтың ісі бойынша неліктен осы күнге дейін пікір білдірмегендерін түсіндірген еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941744-birtanovtyn-advokaty-eks-ministrge-tagylgan-aiyptyn-qisynsyz-ekenin-malimdedi/