RU

Камалжан Надыров жаңа қызметке тағайындалды

ректор
Фото: Астана медициналық университеті

Алматы қоғамдық денсаулық басқармасының бұрынғы басшысы Камалжан Надыров "Астана медицина университетінің" ректоры болып тағайындалды. Бұл туралы ЖОО-ның ресми сайты хабарлады.

Білім ордасының баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 қарашада "Астана медицина университетінің" басшылығы мен ұжымының жалпы отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жоғарғы оқу орнының жаңа ректорын таныстырған.

Бұл қызметке Алматы қоғамдық денсаулық басқармасының бұрынғы басшысы Камалжан Надыров тағайындалған.

Сонымен қатар, ЖОО-ның директорлар кеңесінің төрағасы лауазымына Бақытжан Сексенбаев, ал тәуелсіз директор қызметіне Дамир Сүйентаев тағайындалған.

Айта кетейік, Камалжан Надыров 1983 жылы 27 ақпанда дүниеге келген, екі жоғары білімі бар – медициналық және экономикалық.

С.Д. Асфендияров атындағы қазақ мемлекеттік медицина университетін, Тұран университеті, Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебін бітірген.

Duke University, "The Fuqua School of Business" (АҚШ), "Parkway College" (Сингапур), "Florence Nightingale" (Түркия) клиникалар тобында, "Oxford" Social Health Insurance system" (Германия) білім алған.

"Қоғамдық денсаулық сақтау" (МВА) мамандығы бойынша іскерлік әкімшілендіру магистрі және "Бизнес әкімшілендіру" (EMBA) мамандығы бойынша іскерлік әкімшілендіру магистрі.

2007 жылдан 2014 жылға дейін Б.У. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығында клиникалық ординатор, бөлім меңгерушісі, бас директордың орынбасары қызметін атқарған.

2016 жылдан 2017 жылға дейін Республикалық диагностикалық орталықты басқарған — "University Medical Center" филиалының директоры болған.

2017-2018 жылдары Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасын, 2019 жылдың наурыз айына дейін Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасын басқарған.

2019-2020 жылдары - денсаулық сақтау вице-министрі.

2020 жылдың маусымнан қазан айына дейін – Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941922-kamalzan-nadyrov-zana-qyzmetke-tagaiyndaldy/