Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"8 миллион жиналды": Ел тұрғындары көпқабатты үйдің шатырында тауық асыраған 6 баланың әкесіне баспана әпермек

Опубликовано:

chickens
Көрнекі фото: pixabay.com

Көпқабатты үйдің шатырында тауық асырағаны үшін айыппұл арқалаған ақтаулық көпбалалы әкеге желі қолданушылары қолдау көрсетіп, баспана әпермек, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

БАҚ-та жария болған алты баланың әкесі ақтаулық Рүстемнің оқиғасы кәсіпкер Сырымбек Тауды бей-жай қалдырмады. Журналист Динара Сәтжанның сөзінше, ол желідегі парақшасына Ақтау тұрғынының қымбатшылықтан осындай әрекетке барып отырғаны туралы сюжетті жүктеген. Артынша оған алматылық кәсіпкердің өзі пікір қалдырып, Рүстемге баспана әперу туралы бастама көтерген.

"Кеше үйінің шатырына тауық өсіріп отырған көпбалалы ақтаулық тұрғын туралы сюжетті парақшама салдым. Рүстемнің алты баласы бар. Бір бөлмелі пәтерде тұрады. Ол бұл қадамға мәжбүрлі түрде, отбасын асырау үшін барғанын айтады. Отбасы тұрып жатқан пәтердің ауданы небәрі 27 шаршы метр.

Менің жазбама алматылық кәсіпкер Сырымбек Тау пікір жазды. Ол ақша жинап, оларға баспана әперейік деген бастама көтерді. Тауығын бағып, басқа да мал ұстауға болатындай үй. Мен қолдадым.

Ал менің әріптесім Дәулет Төлеутай Ақтауда болып, Рүстеммен жүздесіп, өз қорына ақша жинауды бастап кетті. Қазірдің өзінде 8 миллион жиналды. Мен 500 мың беремін. Барлығыңызда оған көмектесуге мүмкіндік бар. Келесі аптада Рүстемге Ақтаудан үй әпере аламыз", - деді Динара Сәтжан.

Еске сала кетейік, көпқабатты үйдің шатырына тауық асырап, отбасын қамтамасыз етіп отырған Ақтау тұрғынына Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 408 және 505-бабы бойынша хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Енді ақтаулық азамат үй құстарын сатуға мәжбүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942045-8-million-zinaldy-el-turgyndary-kopqabatty-uidin-satyrynda-tauyq-asyragan-6-balanyn-akesine-baspana-apermek/

pixel