RU

Елімізде Pfizer вакцинасы салынатын азаматтар санаты кеңейтілуі мүмкін

Екпе
Көрнекі фото: NATALIA KOLESNIKOVA/AFP via Getty Images

Қазақстан үкіметі Pfizer/BioNTech вакцинасын салуға болатын азаматтар санатын кеңейтуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Елімізде Pfizer вакцинасы 12 жастан асқан жасөспірімдерге, жүкті және бала емізетін әйелдерге салынып жатыр. Алайда жақында бұл препарат басқа да санаттағы азаматтарға салынуы ықтимал.

"Біз басқа санаттағы азаматтардың осы вакцинаны алу мүмкіндігіне ие болуы үшін шешім іздеп жатырмыз", - деді премьер-минстр Асқар Мамин БАҚ өкілдерімен кездесу кезінде.

Бұл мәселе бойынша соңғы шешімді үкімет осы аптада жариялайтын болады.

Еске сала кетсек, 10 қарашада Алматыға коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасының 379 мың дозасы жеткізілген еді.

Препарат оңтүстік астанадан Қазақстан өңірлеріне тарайды. Елге жалпы 4 млн дозадан астам вакцина жеткізіледі.

Алдын ала минус 90 градус температурада сақтауға болатын тоңазытқыш камералары сатып алынған.

Дәл осындай температурада вакцина басқа қалаларға жеткізіледі. 46 мың дозасы Алматыда қалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942272-elimizde-pfizer-vakcinasy-salynatyn-azamattar-sanaty-keneitilui-mumkin/