Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жұмыс жүктемесі азаяды": Аймағамбетов мұғалімдерге қатысты қуанышты жаңалықты бөлісті

Опубликовано:

Білім және ғылым министрі
Фото: primeminister.kz

Асхат Аймағамбетов білім саласындағы оқытушыларды қағазбастылықтан арылтып, сапалы білім беру мен ғылыммен айналысуы үшін мүмкіндік туғызатынын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы білім және ғылым министрі үкімет отырысында айтты.

Оның айтуынша, білім сапасы бірінші кезекте оқытушылардың кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты.

"Сондықтан әріптестеріміз үшін қолайлы жағдай жасау басты назарымызда", дейді Асхат Аймағамбетов.

"Мемлекет басшысының тікелей қолдауының арқасында биылғы жылдың қыркүйек айынан бастап оқытушылардың жалақысы орташа алғанда 2 есеге жуық көтерілді. Оқытушыға бір ставкаға минималды түрде – 200 мың теңге, ғылым кандидатына – 260 мың теңге, ғылым докторына – 350 мың теңге, ал ұлттық университеттерде 400 мың теңгеге дейін жалақы төлеу бойынша шешім қабылданды", - деді ол.

Министр тым үлкен оқу жүктемесі мен қағазбастылық педагогтарды сабаққа толыққанды дайындалуға қиындық туғызатынын атап өтті.

"Сондықтан біз педагогикалық жүктемені 800-1000 сағаттан 680 сағатқа дейін азайтып, есептілік нысандарын да 35%-ға қысқарттық. Бұл шара да әріптестерімізге сапалы білім беру мен ғылыммен айналысуы үшін мүмкіндік берері сөзсіз", - деді Асхат Аймағамбетов..

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942403-zumys-zuktemesi-azayady-aimagambetov-mugalimderge-quanysty-zanalyqty-bolisti/

pixel