Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда жаңа жылды тойлауға 80 миллион теңгеден аса қаржы жұмсалмақ

Опубликовано:

Жаңа жыл
Көрнекі фото: pexels.com

Павлодарда биыл жаңа жыл мерекесін тойлауға 80 миллионнан теңгеден астам қаражат жұмсалмақ. Мемлекеттік сатып алу порталында екі бірдей лот жарияланған. Бұған қаланы түрлі диодты шамдармен әрлеп, шыршаны безендіру қарастырылған. Шаһар әкімдігі жаңа жылға дайындықты ерте сәуірден бастапты. Содан бері екі рет  конкурс жариялап үлгерген, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Бұған қатысты Павлодар қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Салтанат Әкімбекова пікір білдірді.

Оның сөзінше, Павлодарды жаңа жыл қарсаңында жарық диоды шамдармен безендіруге 58 млн 240 мың теңге бөлінген. Бұған қаладағы саябақтар, скверлер, орталық жағалау алаңы, көшелер мен ғимараттардың қасбеті жарықтандырылмақ. 

Бұдан бөлек 3 шыршаны әсемдеуге 16 миллион 600 мың теңге бөлінгені белгілі болды.

Ал жергілікті тұрғындар "бұл қомақты қаржыны босқа шашу" деген пікірде.

Мемлекет қаржысын ысырап еткенше, оны пайдалы шаруаға жұмсамай ма, дейді олар.

Автор: Ө. Қуанар

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943114-pavlodarda-zana-zyldy-toilauga-80-millionnan-astam-tenge-zumsalmaq/

pixel