Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"30 рет пышақ сұққан": Әйелін өлтірді деп айыпталған оралдық экс-шенеунік сот алдына келді

Опубликовано:

Марқұм Айнагүл Хайруллина
Марқұм Айнагүл Хайруллина. Фото: КТК арнасы

Оралда қалалық тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық бөлімінің басшысы сот алдында жауап бере бастады. Ол осыдан жеті ай бұрын бұрынғы әйелін пышақтап өлтірді деген күдікпен қамауға алынған болатын деп хабарлайды КТК арнасы.

Сотта қатыгездікпен өлтірілген 30 жастағы Айнагүл Хайруллинаның туыстары оның күйеуінен көрген теперішін жіпке тізгендей айтып берді.

Айтуларынша, айыпталушы әйелін ұрып-соғып, тіпті түнімен бала-шағасына ұйқы бермей отбасының берекесін алып келген. Экс-шенеунік бір рет пышақ та жұмсапты. Шыдамдылық танытқан марқұм балалары үшін бәрін кешіріп келген.

Алайда ажырасып кеткен келіншегімен соңғы кездесуі қанды қылмысқа ұласты. Ол бұрынғы әйелін жұмысынан сыртқа алып шығып, денесінің 30 жеріне пышақ сұққан деп айыпталуда.

Қанды оқиға болғаннан кейін 20 минутта қолға түскен азаматқа ең ауыр жаза кесілуге тиіс деп санайды марқұмның анасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943126-30-zerde-pysaq-suqqan-aielin-oltirgeni-usin-qamalgan-oraldyq-eks-seneunik-sot-aldyna-keldi/

pixel