Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәдениет қайраткері: Жоғарғы сыныптан бастап қыздарды бесік жырын айтуға, күйеу мен енесін күтуге оқыту керек

Жарияланған күні:

Оразгүл Асанғазы
Оразгүл Асанғазы. Фото: instagram.com/orazkul_asangazy/

Танымал мәдениет қайраткері, экс-депутат Оразкүл Асанғазы Instagram желісіндегі парақшасында телевизиядағы жобаларға қатысты ұсыныс айтты. Айтуынша, ибалы келіндер мен аналарды телеэкранға жиі шығарып, оларды көпке үлгі ету керек. Бұдан бөлек, ол қыздарды мектеп кезінен бастап ана болуға, күйеуі мен енесін күтуге тәрбиелеу керек деп есептейді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Экс-депутат өз жазбасында қыздардың тәрбиесі, әлеуметтік желілерді дұрыс пайдалану, кітап оқу, сондай-ақ телевизиядағы идеология мәселелеріне назар аударды. Оразкүл Асанғазының пікірінше қоғамда анаға тағзым жасауға басымдық берілуі тиіс.

«Біріншіден, "Атадан - өсиет, анадан - қасиет" деп, телеарналар жұмысы мен кітап оқу қажеттілігі, ата мен әжелердің рольдеріне тоқталуымыз қажет. Көрші Өзбекстанда «Аталар сөзі – ақылдың көзі» деген керемет бағдарлама көрсетіліп жүр, ал біздің телеарналар қазақтың ұлттық құндылығынан алыстатылған бағдарламаларды көрсетуде. Бізге де ұлттық нақышта, тәрбиелік мәні зор бағдарламалар ашылу керек.

Теледидар әләуләйлім мен "Қалаулымға" емес, ұлтының құндылығын айтатын аналарға толуы керек. Телеарналарға құндылықты айта алатын, атаның қолынан батасын алған келіндер шығарылуы тиіс", - деді ол.

Онымен қоса, ол жастардың кітап оқуына назар аударған жөн деп санайды. Бұл үшін ересектер үлгі болып, кітап оқу үрдісін күнделікті әдетке айналдырған дұрыс, дейді экс-депутат. Сонымен бірге, ол қыздарға жастайынан ана болуға, күйеу мен енені күтуге баулу қажет екенін жеткізді.

"Екіншіден, уақытылы ұлдарымызды үйлендіріп, қыздарымызды тұрмысқа беруіміз керек. Ата мен әжелермен етене жұмыс жасап, ананы тәрбиелеуіміз керек. Жоғарғы сыныптардан бастап, колледж университеттерде қыздарды бесік жырын айтуға, күйеу мен енесін күтуге оқытуымыз керек.

Үшіншіден, қазір ақпараттың заманы. Әлеуметтік желіге құмар болдық. Әлеуметтік желінінің жамандай бермей, жақсысын алайық. Қазіргі заманда баланы смартфоннан ажырата алмасымыз анық. Сондықтан өз құндылықтарымызды сол телефонның ішіне енгізуіміз қажет. Оған қыруар қаражат бөлуіміз қажет", - деп ұсынысын жеткізді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943218-madeniet-qairetkeri-zogargy-synyptan-bastap-qyzdardy-besik-zyryn-aituga-kuieu-men-enesin-kutuge-oqytu-kerek/