RU

Алматыда карантин талаптары жеңілдейді

Тәжвирус
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

Бүгін Алматыда карантин талаптары жеңілдейді деп күтілуде. Бір апта бұрын мегаполис коронавирус бойынша "жасыл" аймаққа өткен еді.

"Хабар 24" телеарнасының хабарлауынша, 22 қарашада Алматыда барлық тасымалдау қызметі, соның ішінде туристік маршруттардың қызметі қайта жанданады.

Сондай-ақ, Халыққа қызмет көрсету орталықтары, білім беру ұйымдары, асханалар, моншалар, спорттық-сауықтыру орталықтары мен сұлулық салондары шектеусіз жұмыс істейтін болады.

Ал мейрамхана, кафелерде толымдылық 50 пайыздан аспауы тиіс. Басты шарт - нысан Ashyq жүйесінің қатысушысы болуы керек.

Еске сала кетсек, 21 қарашадағы мәлімет бойынша, елімізде 1047 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған болатын. Соның 114-і Алматы қаласында тіркелген.

Одан бөлек, оңтүстік астана 14 қараша күні коронавирустың таралу қарқыны бойынша "жасыл" аймаққа өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943227-almatyda-karantin-talaptary-zenildeidi/