Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда инкассаторлар терминал маңында ақша салынған кассетаны ұмытып кеткен (видео)

Опубликовано:

Кассета
Фото: Нұр-Сұлтан қаласы ПД

Нұр-Сұлтанда тұрғындар терминалдардың бірінің жанында инкассатор ұмытып кеткен ақша салынған кассетаны қайтарып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Шапағат" сауда үйінің маңында сағат 09:40 шамасында жаяу жүргіншілер "РТВМ-терминал" көше аппаратының алдында тұрған пластмасса қапшықты байқаған. Бұл туралы олар "102" операторына жедел хабарлап, оқиға орнына полиция қызметкерлері барды", - деді полициядан.

Анықталғандай, 209 мың теңге мөлшерінде ақша салынған кассетаны "City Transportation Systems" ЖШС қызметкерлері ұмытып кеткен. Кассета алдымен полицияға жеткізіліп, содан кейін көлік компаниясына берілген.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті тұрғындарға адалдығы мен белсенді азаматтық позициясы үшін алғыс айтты.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда 23 жастағы такси жүргізушісі жолаушыларға көлікте ұмытып кеткен 1,5 млн теңгесі мен алтын бұйымдарын қайтарып бергенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943511-nur-sultanda-inkassatorlar-terminal-manynda-aqsa-salyngan-kassetany-umytyp-ketken-video/

pixel