RU

Көкшетауда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен 28 жастағы әйел табылды

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Көкшетауда 5 күн бұрын жоғалған екі баланың анасы 28 жастағы Әсел Ахмеджанова табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Көкшетау қалалық ПБ криминалдық полиция қызметкерлері Бұланды ауданының Макинск қаласында екенін анықтады. Оның өмірі мен денсаулығына еш қауіп жоқ.

Әйелмен және оның туыстарымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Сондай-ақ, кәмелетке толмаған балаларды ескере отырып, отбасына ювеналдық полиция қызметкерлері тарапынан ерекше назар аударылатын болады", - деді полицейлер.

Еске сала кетсек, бұған дейін 28 жастағы әйелдің жұмбақ жағдайда жоғалып кеткенін жазған едік.

Келіншектің 53 жастағы анасы қызының 19 қарашада шығып кетіп, сол күйі оралмағанын айтып, полициядан көмек сұраған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943865-koksetauda-zumbaq-zagdaida-zogalyp-ketken-28-zastagy-aiel-tabyldy/