Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында дәрігерлерге жұмыртқа лақтырған әйел жазаланды

Опубликовано:

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Үйтолған Жареке/Facebook

Қызылорда облысында дәрігерлерге жұмыртқа лақтырған әйел жазаға тартылды. Бұл туралы өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, аталған факті бойынша әкімшілік іс Шиелі аудандық сотында қаралған.

Келіншек Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 434-бабы 1-бөлігі бойынша (Ұсақ бұзақылық) әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Аталған бапта 5 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 10 тәулікке қамау жазасы қарастырылған. Алайда 14 жасқа дейінгі баласы бар әйелдерге қамауға алу жазасы қолданылмайды.

Тәртіп бұзушы үш кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеп отырғандықтан, сот шешімімен оған 5 АЕК (14 585 теңге) айыппұл салынды.

Еске сала кетсек, оқиға 29 қарашада Алғабас ауылындағы Мәдениет үйінде болған еді.

Дәрігерлер тұрғындармен кездесіп, коронавирусқа қарсы вакцинаға қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізген. Осы кезде залда отырғандардың бірі ақ халаттыларға жұмыртқа лақтырған. Әйелдің ерсі қылығын көрген желі пайдаланушылары оны жазаға тартуды талап етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945280-qyzylorda-oblysynda-darigerlerge-zumyrtqa-laqtyrgan-aiel-zazalandy/

pixel