Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екі әйелім, алты балам бар": Жалғас Жұмағұлов екі келіншегінің көңілін қалай табатынын айтты

Опубликовано:

Жалғас Жұмағұлов
Фото: instagram.com/zhumagulov_zhalgas

UFC жауынгері, Қазақстан атын әлемге танытып жүрген Жалғас Жұмағұлов өзінің отбасына қатысты құпиясын ашты. Спортшы екі әйелі барын жасырмай айтты, деп жазады "Разрешите вас перебить" жобасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

YouTube жобаға сұхбат берген спортшы шетелдегі жаттығуға мейілінше ертерек бармауға тырысатынын айтқан. Спортшы отбасынан алыстап кету қашан да қиындық тудыратынын жеткізді.

"Әрине, отбасынан біраз уақыт алшаққа кету қиын. Әйелдерімнен кету... Иә, менің екі әйелім бар. Алты балам бар. Алғашында қиындықтар болған. Қазір бәрі жақсы", - деді спортшы.

Сондай-ақ, жүргізуші Жалғастан екі әйелінің көңілін қалай табатынын да сұрады.

"Әрқайсысының қасында бір күннен боламын. Мысалы, жарысқа кетерде бір әйелімнің үйінен кетсем, қайтарда басқа әйеліме барамын. Бір күн анда, бір күн мында", - деп қысқа қайырды Жұмағұлов.

Айта кетелік, Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі төртінші жекпе-жегінде нокаутпен жеңілді. Ол анголалық Манел Капемен кездесіп, бірінші раунда ойсырай ұтылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945363-eki-aielim-alty-balam-bar-zalgas-zumagulov-eki-kelinseginin-konilin-qalai-tabatynyn-aitty/

pixel