jitsu gif

Сәуле Омарова АҚШ қазынашылық департаментінің басшысы қызметінен бас тартты

Сәуле Омарова
Сәуле Омарова. Фото: Anna Moneymaker/Getty Images

Қазақстан тумасы Сәуле Омарова АҚШ қазынасының валюталық бақылау департаментінің басшысы қызметіне кандидатурасын алып тастады.

ТАСС агенттігінің Ақ үйдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, АҚШ президенті Джо Байден Омарованың кандидатурасын қайтарып алу туралы өтінішін қанағаттандырды.

"Мен Сәуле Омарованың Валюталық бақылау департаментінің басшысы лауазымына ұсынылған кандидатурадан бас тарту туралы өтінішін қанағаттандырдым", – деп хабарлайды басылым Байденнің жолдауын.

Мәлімдемеде Омарованың жоғары лауазымға кандидатурасын алып тастағаны, себебі "оны әрі қарай ұсынуды орынсыз деп санағаны" атап көрсетілген.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.