Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министр Цой қанша жалақы алады

Опубликовано:

Алексей Цой
Алексей Цой. Фото: ortcom.kz

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ай сайынғы жалақысы мен азық-түлікке қанша жұмсайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Мәжіліс кулуарында журналистер Цойдан жалақысы қанша екенін сұрады.

"Бұл стандарт қой. Біз әріптестермен шамамен 900 мың теңге аламыз", - деді денсаулық сақтау министрі.

Сондай-ақ ол жанұясы азық-түлікке қанша ақша жұмсайтынын да айтты.

"Біздің отбасымызда бес адам. Орташа есеппен аптасына 50-70 мың теңге шығады. Кейде отбасылық мереке немесе тағы басқа шара болып қалады. Сондықтан бұл жерде аптаға байланысты. Біз де сіздер сияқты адамбыз, дүкенге барамыз. Сол себепті бұл қалыпты жағдай", - деді Цой.

Бұған дейін Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің жалақысы қанша екені хабарланды. Өңір басшысы ай сайын 1 миллион 900 мың теңге жалақы алады.

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова ай сайын 1,8 миллион теңге алып жатқанын айтты. Бүгінде ол облыс басқарып отырған жалғыз әйел әкім.

Ал Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің айлығы 1 миллион 954 мың теңгені құрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945884-ministr-coi-qansa-zalaqy-alady/

pixel