Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемдегі ең ақылды адамдар тізіміне кірген ақтаулық жігіт туралы не білеміз (фото)

Опубликовано:

Рейтинг
Фото: Instagram.com/semedyarov

23 жастағы Алдияр Семедьяров бүкіл әлемдегі ең ақылды адамдардың басын біріктіретін "Менса" қауымдастығының мүшесі болып қабылданды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Lada басылымының мәліметінше, Семедьяров Ақтауда туып өскен. 2016 жылы №4 мектеп-гимназиясын "Алтын белгімен" тәмәмдаған.

Ол ҰБТ-да 124 балл жинады.

"Мектеп маған көп нәрсені берді. Соның ішінде білімнің іргетасы мен тәртіп бар. Бұл Назарбаев университетінде одан әрі оқуыма септігін тигізді", - деп ағынан жарылды Алдияр Семедьяров.

Университетте оқып жүріп ол Work&Travel бағдарламасымен Америкада, сондай-ақ Германияда Leibniz University of Hannover-де болды. Содан кейін тағы да АҚШ-та, Буффало университетінде жазғы алмасу семестріне жол тартқан.

Алдияр алғаш рет "Менса" халықаралық қауымдастығы туралы 2016 жылы естіген.

"Сол кезде де, үздік оқушы ретінде IQ-ге ресми түрде тест тапсыруға тырысқым келді. Өкінішке орай, Қазақстанда мұны жасау мүмкін емес екенін білдім. Маған бұл туралы бес жыл ұмытып кетуге тура келді", - деді Алдияр Семедьяров.

Екі ай бұрын Алдияр өзінің бала күнгі арманын еске алып, оны жүзеге асыру туралы шешім қабылдаған.

Ұйымға қабылданудың жалғыз талабы-ресми IQ тестін тапсыру.

Тест офлайн-форматта өтті және 45 сұрақтан тұрды. Бұл үшін 20 минут беріледі.

Бір аптадан кейін жас жігіт "Менсадан" ұйымға қабылданғаны туралы қуанышты хабар алған.

Оның интеллект деңгейі Векслер шкаласы бойынша 135-тен асады. Бұл әлем халқының 99%-ының интеллект коэффициентінен жоғары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946148-alemdegi-en-aqyldy-adamdar-tizimine-kirgen-aqtaulyq-zigit-turaly-ne-bilemiz-foto/

pixel