Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір айлық ұлымды тастап кеткем": Ақтаулық ана бір жылдан бері қызын емдеу үшін Түркия ауруханасында жатыр

Опубликовано:

Лейла Бақтыбек
Лейла Бақтыбек: жеке мұрағат

Төрт жастан енді асқан Лейла Бақтыбектің ақ қан ауруымен күресіп, Түркия ауруханасында жатқанына бір жыл болды. Төрт жылдың ішінде Лейланың сүйек кемігі үш рет ауыстырылған. Жүз пайыздық сәйкестікпен екі рет Қазақстанда жасалған ота сәтсіз өтіп, түрік дәрігерлері тағы бір ауыр отамен балақайдың өмірін құтқарып қалды. Алайда, Лейланың отадан кейінгі жағдайы елге қайтуға мүмкіндік бермей тұр. Бұл туралы бүлдіршіннің анасы Гүлдана Отарова мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Лейлаға «лейкоз» диагнозы жеті айлығында қойылған. Жұдырықтай қыз осы уақытқа дейін қатерлі дертпен күресіп келеді. Жетінші желтоқсан күні Лейланың ем алу үшін Түркияға келгеніне бір жыл толды. Осы уақыт аралығында ол бірнеше химиотерапия алып, сүйек кемігін үшінші рет ауыстырды.

«Қуанышқа қарай, үшінші ота сәтті өтті. Үшінші рет сүйек кемігін ауыстыру менің ана жүрегіме оңай соққан жоқ. Алғашқы екеуі Қазақстанда жасалды. Бірақ Лейладағы рак жасушалары қайтадан тіріле берді. Сол себепті, соңғы үмітім деп Түркияға бет алған едік. Міне, осында келгенімізге бір жыл толды. Отадан кейін тоғыз ай бойы дәрігерлер бақылауында болдық.
Емхана алдындағы бір миллиондай қарызымызды өтеп, елге оралуға дайындалып жатқан едік. Қызымның жағдайы қайта нашарлап кетті. Бөтен ағзадан, яғни, әкесінен алынған сүйек кемігіндегі жасушалар мен Лейланың өз жасушалары арасында «шайқас» басталып кетті. Бүгінде соны емдеудеміз. Күніне 24 сағат дәрі ішеміз. Қызымның еті үйреніп кеткені сонша, ересек адамның өзі көтере алмайтын ащы дәрілерді іше береді. Ұйықтап жатса да дәріні шприцпен беремін», - дейді анасы Гүлдана.

Бүгінде Лейла мен анасы Түркия ауруханасын қайтадан жағалап жүр. Себебі, емге ақша жетпегендіктен, дәрігерлер сырқат балақайды кері қайтаруда. Алайда, анасы қайырымды адамдардан үміт күтіп, еміне қол ұшын созуды сұрайды.

«Түркияға келерде бір айлық кіші ұлымды енеме тастап кеткен едім. Сол ұлым бір жасқа толады, әлі көрмедім. Үлкен ұлым бірінші сыныпқа барды, оның да қасында бола алмадым. "Бастысы – олардың дені сау ", деп өзімді жұбатамын. Осы сынақтан аман өтіп, қызымды елге алып келсем, Лейламның бақытты шағына куә болсам, басқа арманым жоқ.
Гормонды дәрілерден соң Лейла қатты ашуланады, жылайды. Бірақ мұның бәрі артта қаларына сенемін. Бүгінде бізге әлі 11 миллион теңге керек. Қолда барды сатып, несие де алдық. Бәрін істедім. Біз сияқты қарапайым тұрғындар үшін бұл көп ақша. Осыған дейін қанша адам көмектесті, оларға алғысымды айтып жеткізе алмаймын. Енді бізді тағы да демеп жіберіңіздерді. Аман-есен елге қайтқымыз келеді», - дейді Гүлдана Отарова.

4 жасар Лейлаға көмек көрсетем деушілер үшін реквизит төмендегідей:

Kaspi gold: +7 702 295 7500, Гүлдана Отарова

Халық банк: 4405 6397 5145 7522

Sberbank ҚР: 4263 4333 3072 4680

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946232-bir-ailyq-ulymdy-tastap-ketkem-aqtaulyq-ana-bir-zyldan-beri-qyzyn-emdeu-usin-turkiya-auruxanasynda-zatyr/

pixel