jitsu gif branding logo appbranding logo app

Қазақстанның жеті облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

жол-қыс
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазгидромет Қазақстанның жеті облысына ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Синоптиктер болжамынша, 12 желтоқсанда Қостанай облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде күші 15-20 м/с.

12 желтоқсанда Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ, облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.

12 желтоқсанда Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Ақтау қаласында түнде және таңертең 12 желтоқсанда тұман күтіледі.

12 желтоқсанда Ақтөбе облысында түнде облыстың оңтүстік-шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында 15-20 м/с күтіледі.

12 желтоқсанда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ, жаяу бұрқасын, облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Қарағанды қаласында күндіз 12 желтоқсанда көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жезқазған қаласында 12 желтоқсанда көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

12 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Орал қаласында 12 желтоқсанда түнде және таңертен тұман күтіледі.

12 желтоқсанда Түркістан облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз таулы аудандарда күші 15-20 м/с.

Түнде және таңертен 10 желтоқсанда Алматы облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз 10 желтоқсанда Алакөл көлдерінің ауданында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күші 18-23 м/с, 11-12 желтоқсанда облыстың солтүстік-батысында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с, Алакөл көлдерінің ауданында оңтүстік-шығыстан 20-25, екпіні 29 м/с және оданда жоғары.

10-12 желтоқсанда Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, 12 желтоқсанда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15-20, 10-11 желтоқсанда екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Тараз қаласында 10-12 желтоқсанда тұман күтіледі. Түнде және таңертең 11 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қазақстанның жеті облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.