Павлодарда көлігімен ванна ұрлаған әйел ұсталды

Опубликовано:

Полицей
Көрнекі фото: Polisia.kz

Павлодарда көлігімен ванна ұрлаған әйел ұсталды. Ол құқықбұзушылықты саяжай аумағында жасаған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Павлодар қаласында Оңтүстік бау-бақшаны патрульдеу барысында полиция қызметкерлері Березка көшесіндегі саяжай учаскесінің жанында Hyundai Creta маркалы автокөлікті тоқтатқан.

"Оның салонында металл ванна болған. Бұл әрине, тәртіп сақшыларының күдігін тудырды. Анықталғандай, ұрлық жасаған облыс орталығының тұрғыны, 32 жастағы күдікті Березка көшесіндегі саяжай учаскесінің аумағына заңсыз кіріп, металл ваннаны ұрлаған", - деді департаментте.

Аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946561-pavlodarda-koligimen-vanna-urlagan-aiel-ustaldy/