Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысы әкімінің орынбасары үйқамаққа алынды

Опубликовано:

Бақытгүл Хаменова
Бақытгүл Хаменова. Фото: gov.kz

Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова үйқамаққа алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысының арнайы тергеу соты уақытша ұстау изоляторында отырған облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованы үйқамаққа алу туралы санкция берді.

Атырау облысы әкімінің орынбасарына қатысты қылмыстық іс ҚР ҚК 366-бабы, 2-бөлігі (көп мөлшерде пара алу) бойынша қаралуда.

Күдіктінің кінәсі дәлелденген жағдайда бұл бап бойынша, айыпкердің мал-мүлкі тәркілене отырып, параның 60 мәрте еселенген көлемінде айыппұл салынады немесе 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Еске сала кетсек, бұған дейін БАҚ беттерінде Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен өңірлік мәдениет басқармасының басшысы ұсталғаны жайлы ақпарат тараған еді.

Кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет олардың ұсталғанын растап, мән-жайды баяндаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946573-atyrau-oblysy-akiminin-orynbasary-uiqamaqqa-alyndy/

pixel