"Оң аяғыңмен кір": Жаңа түскен жас келінді терезеден кіргізгендер желіде қызу талқыланып жатыр

Опубликовано:

Терезеден кірген жас келін
Терезеден кірген жас келін. Кадр: instagram.com/exk.kz/

Желіде жаңа түскен келінді есіктен емес, терезеден кіргізгендердің видеосы кеңінен таралуда. Желі қолданушылары болған жайтқа түрлі пікірлерін жаудырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Экспресс К" басылымында жарияланған видеодан қалыңдық көйлегін киген жас келін терезеден үйге кірмек болып жатқанын көруге болады. Ол үшін тіпті терезеге арнайы саты қойып, оның үстін ақ жолақпен жауып қойған. Ұзын көйлекпен әзер дегенде сатыдан терезеге беттеген келінге жиналған қауым "Оң аяғыңмен кір" деп айқайлауда. Жаңа үйдің босағасынан емес, терезеден кірмек болған келін терезе жақтауына әрең өткен.

Желідегілер боса бұл жайтқа түрлі пікірлерін жайдыруда. Бірі бұл қазақтың салтына тән емес десе, екіншілері үйге бір күнде екі келін түскенде келіннің бірін терезеден кіргізу қажет деп есептейді.

"Сөз жоқ. Босағаны оң аяқпен атта деуші еді, енді терезеден оң аяқпен атта дегені дұрыс емес", "Ол қалай оң аяғымен аттайды, өзі әзер шығып бара жатса", "Екі келін түссе, есіктен құшақтасып кірсін екеуі, ал жігіттері терезеден. Оларда костюм-шалбар, ыңғайлы ғой", - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947077-on-ayagynmen-kir-zana-tusken-zas-kelindi-terezeden-kirgizgender-zelide-qyzu-talqylanyp-zatyr/