Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда мектепті "жарып жібермек" болған ер адам ұсталды

Опубликовано:

Кісен
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодарда мектепті "жарып жібермек" болған ер адам алкогольдік мас күйде болған. Ол өзінің бұл әрекетке не себепті барғанын түсіндіре алмады деп хабарлайды Baq.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 желтоқсан күні сағат 18.17-де полицияға "ер адам 17 мектепті жарып жібергісі келеді" деген шақыру түскен.

"Мектепке келген жедел тергеу тобы тексеру жүргізді. Сағат 19.58-де тексеру аяқталды, жарылыс қаупі бар заттар табылған жоқ. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 1977 жылы туған павлодарлық анықталып, ұсталды", – деді департаментте.

Аталған фактіге қатысты қылмыстық кодексінің 273-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947389-pavlodarda-mektepti-zaryp-zibermek-bolgan-er-adam-ustaldy/

pixel