Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның басым бөлігінде дауылдық ескерту жарияланды

Опубликовано:

Аяз
Фото: pxhere.com

20 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде ауа райы бұзылуы мүмкін. Осыған байланысты синоптиктер дауылдық ескерту жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

20 желтоқсан Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында көктайғақ, тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Орал қаласында 20 желтоқсан күндіз көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 18 м/с болады.

19-20 желтоқсанда Жамбыл облысының оңтүстік-батысында жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз 19, түнде 20 желтоқсанда екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с асады деп күтіледі. 19-21 желтоқсанда Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі.

19-21 желтоқсанда оңтүстік-батыстан соғатын жел шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында және таулы аудандарында 15-20, күндіз 19, түнде 20 желтоқсанда екпіні 23-28 м/с болады деп күтіледі.

Тараз қаласында 19-21 желтоқсанда тұман күтіледі. Күндіз 19, түнде 20 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады 15-20, екпіні 23-28 м/с болады деп күтіледі.

20 желтоқсанда түнде Павлодар облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын, солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз батысында және оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде 18 м/с дейін жетеді.

20 желтоқсанда түнде және таңертең Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы, тау бөктерлі аудандарында найзағай, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың таулы, тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, түнде тау асуларында 23-28 м/с болады. Шымкент қаласында 20 желтоқсанда түнде және таңертең найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с болады.

Түркістан қаласында 20 желтоқсанда түннің бірінші жартысында тұман күтіледі.

20 желтоқсанда Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде күші 15-20 м/с дейін жетеді.

20 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с болады. Петропавл қ:аласында 20 желтоқсанда көктайғақ күтіледі.

20 желтоқсанда Қарағанды облысының түнде батысында, күндіз солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Қарағанды қаласында күндіз 20 желтоқсанда көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жезқазған қаласында күндіз 20 желтоқсанда көктайғақ күтіледі.

20 желтоқсанда түнде Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде және шығысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 15 м/с жетеді деп күтіледі.

20 желтоқсанда Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында жел екпіні 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

20 желтоқсанда Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.

20 желтоқсанда Маңғыстау облысының батысында тұман, көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с дейін жетеді деп күтіледі.

Нұр-Сұлтан қаласында 20 желтоқсанда кей уақыттарда жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947417-qazaqstannyn-basym-boliginde-dabyldy-eskertu-zariyalandy/

pixel