jitsu gif branding logo appbranding logo app

Желіде ұзатылып жатқан әйелдің видеосы қызу талқыға түсті

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Facebook/kun.kz

Әлеуметтік желіде үйінен ұзатылып бара жатқан орта жастағы әйелдің видеосы тарады. Автордың мәліметінше, видеодағы әйелдің жасы 45-те, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ұзату тойында түсірілген видеоның үзіндісі Facebook-тегі KUN.KZ парақшасында жария болды.

Онда төркініне қимастық сезімін жасыра алмаған әйел көзіне жас алған. Осыған қатысты желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды.

Бірінші топ әйелдің жылағанын әбестік көруде.

"Бақытты болсын. Неге жылайды осы? Түсінбеймін. Келмейтіндей, көрмейтіндей емес қой", "Жыламай -ақ неге шықпайды осы қыздар?", - деп жазады олар.

Ал әйелдің сезімін түсінуге тырысқан басқа желі қолданушылары шаңырақ көтерген жастарға бақыт тіледі.

"Қай жасқа келсе де әрбір қыз бақытты болуға лайықты! Артық жазудың қажеті қанша? Неге біреудің бақытына қуана алмаймыз?", " Теңін тапса болды ғой, бақытты болсын", - дейді тілек білдіруші топ.

Бейнежазбаның қай өңірде, қашан түсірілгені белгісіз.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.