jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға үндеу жасады

Дабыл
Көрнекі фото: Stephen Tjipto Hartono/Getty Images

Бүгін, 21 желтоқсанда сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізіледі. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі ресми сайтында хабарлады.

"Құлақтандыру жүйесін тексеру барысында электр дабылдарын және сиреналық-сөйлеу құрылғыларын (дауыс зорайтқыштарды) қысқа мерзімге қосу, сондай-ақ теледидар және радиоарналардың эфирі арқылы хабарлау, интернет-ресурстары мен мобильді қосымшаларда ақпаратты орналастыру жоспарланған.

"Баршаның назарына!!!" дыбыстық сигнал - бұл қауіп төнген немесе төтенше жағдай туындаған кезде барлық шұғыл хабарламаларды таратудың алдында халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы", - делінген хабарламада.

Осы ретте, министрлік дыбыстық сигналды естіген кезде:

  • теледидарлар мен радиоқабылдағыштарды қосу;
  • апат туындаған жағдайда одан әрі әрекет ету туралы нұсқаулар алу үшін интернет-ресурстардағы және мобильді қосымшалардағы ақпараттарды оқып шығу керек екенін атап өтті.

Сонымен қатар, қауіпті өндірістік объектілер мен гидротехникалық құрылыстардағы жергілікті құлақтандыру жүйелерінің жарамдылығы тексеріледі.

Құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізудің мақсаты - құлақтандыру жабдығын әзірлікте ұстауға және халықты ықтимал төтенше жағдайлардан қорғауға бағытталған.

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.