Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кезекті толқын басталып жатыр": Үкімет басшысы жаңа штамм бойынша тапсырма берді

Опубликовано:

Алматы
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Премьер-министр Асқар Мамин әлемде коронавирустың жаңа штамы – "омикронның" таралуына байланысты бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ол эпидемиологиялық жағдайды тұрақты деп айтуға болатынын жеткізді.

Үкімет басшысының сөзінше, елімізде инфекциялық және реанимациялық орындардың жүктелуі 19 пайызды құрап отыр.

"Жасыл" аймақта 15 өңір, "сары" аймақта – екі өңір, олар – Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстары.

"Дегенмен, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауды, әсіресе, мемлекеттік шекарада жалғастыру қажет. Көптеген елдерде жаңа штамға байланысты науқастанудың кезекті толқыны басталып жатыр", - деді Асқар Мамин.

Осы орайда премьер-министр вирустың жаңа штамы әлем бойынша тез таралып жатқанын ерекше атап өтті.

"Осыған байланысты ғимараттардың ішінде және қоғамдық көлікте маска киюге, адамдар көп жиналатын жерлерде әлеуметтік қашықтықты сақтауға аса назар аудару қажет", - деді Асқар Мамин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947900-kezekti-tolqyn-bastalyp-zatyr-ukimet-bassysy-zana-stamm-boiynsa-tapsyrma-berdi/

pixel